Жазғы ойын-сауық "Жаңбыр" » КГУ "Коррекционный ясли-сад №13 для детей с нарушениями зрения"
Коммунальное государственное учреждение
"№13 арнайы бөбекжай-балабақшасы"
Управления образования города Алматы
Телефон заведующего:
+7(727) 247-91-90
Телефон методиста:
+7(727) 247-96-36
Версия
для слабовидящих
17
июль
2020

Жазғы ойын-сауық "Жаңбыр"

Балаларға арналған жазғы ойын-сауық  

«Жаңбыр»

Тәрбиеші: Жекеева Гулсим Галякпаровна


Мақсаты:Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсінік беру, жаңбыр туралы тақпақ өлеңдермен  таныстыру, шығармашылықтарын арттыру, балалардың қимыл –қозғалыстарын , ептіліктерін нығайту, көздің қимылдарын жетілдіру, кеңістікте орналасқан заттарды бағыт белгісімен табуға баулу.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар!  Бүгін бізде ерекше ойын-сауық болады, жұмбақтар арқылы не туралы екенін табасыңдар. 

Жұмбақтар: 

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде,

Өңі кірер даланың.

(жаңбыр)

Көлігі жоқ көшеді,

Өзін кезбе деседі.

(бұлт)

Жөңкілді бұлттар дүркіреп,

Жауады жауын күркіреп.

Аспанның жүзі жарқ етті,

Ақ найза жерге сарт етті.

(найзағай)

Бұлт кіреді: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін аспан түнеріп сендерге мені жіберді. Сіздер біз туралы тақпақтар, өлеңдер біледі ме екенсіздер?

Жүргізуші: Қош келдіңіз! Әрине білеміз. Ендеше бұлтқа тақпақтар айтып берейік.

Тақпақтар: 

Бала: 

«Нұрлы жаңбыр» жау, 

Ақ мейір жаңбыр,

Жердің шөлін қандыр,

Тамырларды қуала,

Далам айтсын ән-жыр.


Бала:

Жау аяма нөсерле,

Сенсіз бір түп өсеме?

Құйып, құйып өтпесең

Бұлт жөніне көшер ме?


Бала:

«Найзағай»

Тілгілеп бұлттардың арасын

Найзағай көрсетті мінезін,

Еркесін  кешірген анадай

Сабырлы ұстады күн өзін.


Бала:

Найзағай ойынын тауысты,

Күркіреп алды да күн батыр,

Аспанға ақ бұлттар ауысты,

Ақ жаңбыр, дайынбыз, құй мақұл!


Ән: «Жуа-жау жаңбыр!»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Бүгінгі ойын –сауығымыз «Жаңбыр» туралы. Келесі кезекті ойынға берейік.

Жаңбыр-жаңбыр жауады, 

Тамшылары тамады,

Ойнап, ойнап, аламыз, 

Ойын сауық саламыз!


Ойын «Көлшіктен секіру» (2 топқа бөлініп қатысады)

Шарты: жердегі көлшіктерден өтіп (обруч немесе мата) белгіленген шартты жерге тез жету.

Ойын «Жаңбырдан тығылмақ»

Шарты: аулада ойнап жүреді, жаңбыр деген  мезгілде қолшатыр астына тығылып үлгеру.

Күн кіреді: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін балалардың ойнап жүргендерін көріп, сендермен ойын ойнайын деп келдім. Мен туралы өлең тақпақтар білесіңдер ме?

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Жұмбақ: 

Тұрғанымен жырақ өзі, 

Таусылмайтын шырақ көзі.

(күн)

Күн ойын ойнайды «Күн мен жаңбыр!»

Шарты: күн дегенде билейді, жаңбыр келіп үстеріне су құямын дегенде қолшатырларын алып тұрады. Жаңбыр су құйғышпен су құйғанда қолдарын, аяқтарын қолшатыр астына тығып тұра қалады.

Күн: Жаңбырдан кейін саңырауқұлақтар көптеп шығады, ендеше саңырауқұлақты табайық.

Ойын «Саңырауқұлақты тап»

Шарты: бір бала саңырауқұлақ киімін киіп ағаш түптеріне тығылады, балалар ол тығылғанша теріс қарап тұрады да саңырауқұлақты табады.

Ойын «Саңырауқұлақты кім тез жинайды?»

Шарты: саңырауқұлақтар жерде жатады соларды балалар жинайды.

Ойын «Қара бұлт»

Шарты: қара бұлт бала тамшыларды қуып ұстайды.

Кейіпкерлер қоштасады сыйлықтарын береді.