07
март
2019
Ақбота аруы - 2019
Ересектер "Ақбота" тобында 8 Наурыз мерекесіне орай тәрбиешілер К.К.Абдилдаева мен А.А.Егенованың ұйымдастыруымен қыздар арасында "Ақбота аруы - 2019" атты сайысы өтті. Қыздар көркем сөз, ұлттық тағам әзірлеу, қол өнер сайыстарында өздерінің шеберлігін көрсетті және де ерекше дизайнерлік көйлектерін көпшілікке ұсынды, әрине өнерлі аналарының көмегімен. Өте тартымды және қызықты сайыс болды.





