Конститутция күні. День Конститутции » КГУ "Коррекционный ясли-сад №13 для детей с нарушениями зрения"
Коммунальное государственное учреждение
"№13 арнайы бөбекжай-балабақшасы"
Управления образования города Алматы
Телефон заведующего:
+7(727) 247-91-90
Телефон методиста:
+7(727) 247-96-36
Версия
для слабовидящих
27
август
2021

Конститутция күні. День Конститутции

Отан неден басталады?

Мақсаты:

  • ҚР Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы, оны сақтау керектігі туралы білім қалыптастыру («Конституция» ұғымына анықтама беру; заңдардың мазмұнымен таныстыру және Конституцияның ересектер мен балалар құқығын қорғайтынымен таныстыру);
  • балалардың ұлтжандылығы мен Отанға деген сүйіспеншілігін дамыту;
  • балалардың Қазақстан туралы білімін жалпылау әрі жүйелеу, мемлекеттік рәміздерге деген сыйлы қатынасты қалыптастыру;
  • Қазақстан Республикасы заңдарын білу мен сақтауға деген ынтаны тәрбиелеу.

  • Жүргізуші. Балалар, біз бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеміз.

    Бала құқықтары туралы ролик
     https://www.youtube.com/embed/sGBrTf9cYN0

    Жүргізуші. Балалар, қоғамда өзіңді қалай ұстау керектігін білесіңдер ме? Ол еліміздің басты заңына жазылған. Ал біздің еліміз қалай аталады?
    Балалар. Қазақстан.
    Жүргізуші. Иә, Қазақстан – үлкен, сүйікті, әдемі, ауқымды, бай, мықты ел. Қазақстан – біздің Отанымыз. Балалар, «Отан» сөзін қалай түсінесіңдер, айтыңдаршы?
    Балалардың жауабы:
     – Отан – біз туған жер.
     – Біз өмір сүретін мемлекет.
     – Әр адамның Отаны жалғыз.
    Жүргізуші. Балалар, кім Отан туралы өлең біледі?
    Балалар өлең оқиды. 
    Отаным менің – Қазақстан,
     Ыстық қой сенің топырағың.
     Орманын, көлін, бау-бағын,
     Қастерлеген қазағым.
    Найзаның ұшымен қорғаған,
     Халқым менің мықты ғой.
     Ата-бабам әрқашан,
     Салт-дәстүрін сақтаған.
    Жүргізуші. Қазақ халқында Отан туралы мақал-мәтел өте көп. Кім айтады, шығыңдар!
    Балалар Отан туралы мақал айтады. 
  • «Отан оттан да ыстық»
  • «Ел іші – алтын бесік»
  • «Әркімнің өз жері – жұмақ»
  • «Ер елінде, гүл жерінде»
  • «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл»
Жүргізуші. Осы мақалдың бәрі бізді мейірімділікке, Отан деген сүйіспеншілікке, оны жаудан қорғауға баулиды. Сондықтан біз бүгін еліміздің басты заңы – Конституция туралы сөз қозғаймыз, ол Отанымызды бейбіт әрі бақытты етуге көмектеседі.
Қазір мен сендерге бір оқиғаны баяндап беремін.
Бір патшалықта ғажайып ел өмір сүріпті. Осы патшалықта сиқырлы кітап – Заңдар кітабы болыпты, ол адамдарға дұрыс өмір сүруді, әділ болуды үйретіпті. Бәрі жақсы болған, бірақ зұлым сиқыршыға ғажайып елдің бақытты әрі бейбітшілікте өмір сүргені ұнамапты. Ол Заңдар кітабын ұрлап кетеді, сөйтіп ғажайып ел Бассыздық патшалығына айналыпты…
Қиялға ерік беріп, ертегіні жалғастырыңдар. Бассыздық патшалығында өмір сүргілерің келер ме еді? Неліктен?
Балалардың жауабы. 
Адамдардың үнемі қастандық жасалатын елде өмір сүргісі келмеді. Сөйтіп олар бәріне ортақ міндеттер мен құқықтарды ойлап тапты, себебі елге тәртіп орнату керек еді. Олар барлық құқық пен міндетті еліміздің басты заңына жазып, оны Конституция деп атапты. Ал осы заңның орындалуын бақылауды ел ішіндегі құрметті, сыйлы адамға тапсырыпты. Оның лауазымын ел президенті деп атапты.
Еліміздің президенті кім?
Балалар. Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жүргізуші. Еліміздің басты заңы қалай аталады?
Балалар. Конституция
Жүргізуші. Конституция дегеніміз не?
Жүргізуші балалардың жауабын тыңдап, нақтылайды. 
Жүргізуші. ҚР Конституциясы – бұл мемлекеттің негізгі заңы, яғни Қазақстан азаматтары өздеріне арнап бекіткен басты қағидалар тізімі. 1995 жылғы 30-шы тамызда Конституцияыз қабылданды. Отанымыз Конституциядан басталады.
Президентімізге Конституцияның орындалуын бақылау ҚР үкіметі көмектеседі. ҚР Үкіметі мен ҚР Президентінің басты ғимараты қайда орналасқан?
Балалар. Нұр-Сұлтан қаласында.
Жүргізуші. Конституциямызға сәйкес біздің үш рәмізіміз бар, оны құрметтеуге әрі қорғауға міндеттіміз. Ол қандай нышандар?
Балалар. Ту, Елтаңба мен Гимні.
Мақтансаң мақтан елім деп,
 Тани біл елдік таңбаңды.
 Елтаңба, Туың, Әнұран –
 Тәуелсіздікке тән белгі.
Жүргізуші. Біз рәміздерімізге қалай қарауға тиіспіз? Конституция бойынша біздің қандай міндеттеріміз бар?
Балалардың жауабы: Отанымызды қорғау; Қазақстанның рәміздерін қорғау; Қазақстанның табиғатын сақтау, қорғау. 


Жүргізуші. ҚР Конституциясына сәйкес біздің өз құқығымыз бар.
Әр адамның өз құқығы бар:
 Ойнауға, оқуға, армандап, еңбек етуге,
 Қарияға көмектесіп, мысықты сипауға,
 Таңертең таза суға шомылуға.
 Біздің балабақшамызда да құқықтар мен міндеттер сақталады.
 Біздің балабақшамызда
 Мейірімді ұстаздар бар,
 Әрдайым әр баланы
 Мейіріммен қарсы алады,
 Ал сабақ кезінде
 Балаларды сүйіспеншілігіне бөлейді.
 Балалар бәрін біледі:
 Оқып, жазып, ән айтуды.
 Жер бетіндегі бәрін біліп,
 Арман-тілегі орындалады.
Жүргізуші. Ендеше осы құқықтар мен міндеттерді қайталайық.
1. Оқуға деген құқығы. 
Конституцияда мынадай заң бар:
 Барлық бала оқуға тиіс,
 Олардың бәрі білімге мұқтаж.
 Мұны барлық бала,
 Барлық адам білуге тиіс.
2. Дәмді әрі пайдалы тамақтануға. 
Қане, балалар, асығыңдар,
 Түскі астан қалмаңдар.
 Аспаздар да тырысыпты –
 Тамағының дәмі ғажап!
3. Ана тілінде сөйлеп, өзге тілдерді құрметтеу құқығы.
Қол ұстасып, шеңбер құрайық.
 Әр адам бір-біріне дос.
 Қол ұстасайық, қане, жүріңдер,
 Жер бетінде хоровод жүріп өтсін!
Балалар өлең оқиды. 
Ақпыз, қара, сарымыз,
 Ағайынбыз бәріміз.
 Достық тату өмірге
 Дүние жүзі сенеді.
 Соғыс өртін өшіре
 Бейбітшілік жеңеді.

 Ортақ мекен жер шары,
 Төбемізде бір аспан.
 Барлық ұлттың баласы,
 Достығымыз жарасқан.
 Ортақ бізге бір Отан,
 Ортақ жердің байлығы.
 Еңбек ортақ, жыр ортақ,
 Ортақ бізге барлығы.
4. Медициналық көмек алу құқығы. 
Жүргізуші. Бізді емдеуді талап ету құқығы. 
5. Демалуға деген құқығымыз. 
Жүргізуші.
 Бала сымбатты, әдемі,
 Көңілді, мықты болуы тиіс.
 Сондықтан да айтатыным:
 Бала демалуы тиіс!
6. Ойнауға деген құқығы. 
Жүргізуші. Келіңдер ойнайық!
 1, 2, 3, 4, 5 – ойнағанды ұнатамыз.
 1, 2, 3, 4, 5 – тағы жанжалдасып қалдық.
 1, 2, 3, 4, 5 – қатты жылағым келеді.
 1, 2, 3, 4, 5 – одан да татуласайық!
Жүргізуші. Сондай-ақ мынадай құқығымыз бар:
– Әр баланың ересектің қамқорлығында болуға құқығы бар.
 – Мүгедек балалар сау адамдардың қамқорлығына құқылы.
 – Ешкімді ренжітпеуге деген құқығы.
 – Әр адамның өмір сүруге құқығы бар.
 – Еңбек етуге құқығы. Әр адамның ерікті еңбек етуге құқығы бар. Әркім жұмыс түрін өз бетімен таңдай алады. Еңбек етуге ешкім мәжбүрлей алмайды.
Жүргізуші. Балалар, енді ҚР Конституциясы бойынша біздің қандай құқығымыз бен міндеттеріміз бар.
Әрбір қазақ батыры,
 Желбіреткен көк туын.
 Кең байтақ жерге қазағым,
 Егін егіп, мал жайған.
Жүргізуші. Осымен мерекеміз аяқталды!