Тарихымыз. Наша история » КГУ "Коррекционный ясли-сад №13 для детей с нарушениями зрения"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№13 арнайы бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон заведующего:
+7(727) 247-91-90
Телефон методиста:
+7(727) 247-96-36
Версия
для слабовидящих
01
сентябрь
2021

Тарихымыз. Наша история

Егер ата-аналарда өз баласына қатысты төмендегідей қиыншылықтар туындаса:

  • психикалық дамуы мен сөйлеу тіліндегі тежелістер;
  • сөйлеу тілі, зейін және есте сақтау қабілеттеріндегі бұзылыстар;
  • психикалық дамуы және сөйлеу тіліндегі ауытқулармен қатар көру, есту қабілеттері,тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстар;
  • мектептегі үлгермеу;
  • мінез-құлық мәселелері мен қарым-қатынас қиындықтары;
  • эмоциялық-тұлғалық мәселелер (қорқыныш, қобалжу, агрессивтілік)

психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңестен өзіне қажетті көмек түрін алады.

Ол үшін не істеу керек?

Ата-ана тарапынан ерекше қажеттілігі бар баланы кеңестен өткізу үшін, қабылдауға жазылу керек. Алматы қаласында 5 психолиялық- медициналық- педагогикалық кеңес жұмыс жасайды:

  • №1 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес
     (Торайғыров көш; 1үй, Каблуков көш. қиылысы, №1 мектеп-интернатының ғимаратында, тел.227-62-61). Ауэзов және Бостандық аудандарының тұрғындары үшін.
  • №2 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес
     (Жангелдин көш; 27 үй, Әшімбаев көш қиылысы, №2перзентханаға қарама-қарсы, тел.397-41-55). Медеу және Алмалы аудандарының тұрғындары үшін.
  • №3 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес
     (Физули көш; 71үй, тел.351-33-08) Турксіб және Жетісу аудандарының тұрғындары үшін.
  • №4 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес
     (Федченко көш; 2Б үй, №1оқушылар үйі ғимаратында орналасқан, тел.384-69-50) Ауэзов және Алатау аудандарының тұрғындары үшін .
  • №5 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес
     (Акжар ықшам ауданы, Абай көш; .15 үй , т.360-45-82) Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін.

Мамандардың кешенді түрдегі тексерісінен кейін баланың дене және психикалық дамуының бұзылыстары туралы қорытынды жасалып, ата-аналарға баласын медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтер бойынша ұсынымдар; арнайы ұйымдарда білім беру ұйымдарына, арнайы оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес беріледі.

ПМПК ға келген әрбір баланың даму динамикасы, аталған мекеменің мамандарының бақылауы мен назарында болады.

Психологиялық-педагогикалық түзету

ПМПК-ның қорытындысы және нұсқауы негізінде баланы тиімді оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын анықтау мақсатында диагностикалық топтарға және психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттеріне жолдай алады.

Қазіргі кезде Алматы қаласының әрбір ауданында 8 психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК), 6 диагностикалық топтар жұмыс жасайды. Психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттеріне қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

  • №1 ППТК - №116 мектептің ғимаратында , 8ы.а , 46үй, тел. 249-10-65;
  • №2 ППТК - Жангельдина,27көш,.Әшімбаев көш қиыл, 397-41-55;
  • №3 ППТК – Физули көш 71 үй, тел.393-29-68;
  • №4 ППТК - №63 мектептің ғимаратында, Каблуков көш, 88 үй,тел 376-58-29;
  • №5 ППТК - №128 мектептің ғимаратында, Жароков көш, 18үй, тел 269-80-31;
  • №6 ППТК - №112 мектептің ғимаратында,Ратушный көш, 131, тел 229-03-16;
  • №7 ППТК - №1 оқушылар үйі ғимаратында , Федченко көш, 2б, тел. 399-97-39;
  • №8 ППТК –№174 мектептің ғимаратында, Шуғыла ы.а, 340 Б үй , т.351-79-57.

Қосымша ақпарат

Алматы қаласы бойынша, тілінде кемістігі бар, құлағы нашар еститін немесе естімейтін, көзі нашар көретін,тірек- қимыл аппараты бұзылған, ақыл-ойы зақымдалған балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен арнайы мектептер бар.

Балалардың контингентін толтыру психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысы негізінде жүргізіледі. Балаға тегін түрде түзету көмегін беру туралы шешімді қабылдау берілген құжаттар негізінде, ата-аналармен сұқбаттасу және әр баланы тексерістен өткізу барысында ПМПК-да болады.

Балаларды қабылдау ата-аналардың (не олардың орнындағы тұлғалардың) қатысуымен болады.

Алматы қаласында 18 арнайы білім беру мекемелері жұмыс жасауда, бұның ішінде (10 мектепке дейінгі арнайы мекемелер, 8 арнайы мектеп- интернаттары).

2017ж. «Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайты www.special-child.kz ашылды. Бұл сайтта ата-аналар өздеріне керекті мәліметтер мен сұрақтарына жауап ала алады.


Қаламыздағы арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бірі – «Түзеу үлгісіндегі көру мүмкіндіктері шектеулі  балаларға арналған №13 бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – балалардың психофизикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік бейімделуіне, тәрбиелеу мен оқытуға жағдай жасауға бағытталған арнайы білім беру ұйымы.



Мектепке дейінгі мекеме Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Н.Тілендиев көшесі, № 2/1 үй мекен-жайында орналасқан (Тілендиев көшесі Райымбек даңғылымен қиылысы).

Балабақша ғимараты 1965 жылы салынған, екі қабатты. 1983 жылдан бері көру мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мамандандырылған балабақша мәртебесін алды. Тәулік бойы балаларды қабылдайтын балабақша, бірақ карантинге байланысты түнгі топтар жабылды.

Жалпы ауданы 1052,5 шаршы метр. Пайдалы ауданы – 704,3 ш.м.

Топтар және ойын алаңдары санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келеді.

Педагог жұмысының негізгі қағидасы – көру қабілеті бұзылған әрбір мектеп жасына дейінгі баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтауға негізделген ересек пен баланың өзара тұлғалық-бағдарлы әрекет жасауы.



Әр балаға оның даму ерекшеліктеріне, көз көру қабілеті мен денсаулық жағдайына, қоршаған әлемді тануда бағдарлау әдістеріне байланысты жеке көзқарасты жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған оқу қызметі келесі міндеттемелерді қарастырады: физикалық және үздіксіз көру жүктемесінің ұзақтылығы; оқу және көрнекі құралдарды қолдану барысында офтальмологиялық гигиеналық талаптарды сақтау; жұмыс жасау уақытта тік және көлденең жазықтықтарын пайдалану; аурудың клиникалық түрін, көру ақауының ауырлығын, окклюзиясын ескере отырып, баланың сабақтағы орнын анықтау; мүмкіндіктеріне сәйкес балалардың жетістіктерін бағалау.



               Сабақ кестесі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып және Мемлекеттік стандарт пен Санитарлық ережеге сәйкес құрастырылады. Баланың денсаулығы мен психикасының қорғау мақсатында тәрбиеленушілер апталық оқу жүктемесінің рұқсат етілген шекті көлемі мен ұзақтылығы сақталады. 

Арнайы міндеттерді шешуге байланысты стандартты режимге тиісті түзетулер енгізілді: плеопто-ортоптикалық кабинетте медициналық процедураларды өткізуге уақыт қарастырылған; мамандардың түзету-дамыту оқу қызметі (тифлопедагог, психолог); тәрбиеші көру қабілетін дамытуға арналған түзету-педагогикалық жаттығулар мен ойындарды өткізеді.

Біздің бақшамыздағы заттық-дамытушы орта көру қабілеті бұзылған балалардың көру мүмкіндіктерін түзетуге бағытталған, мектеп жасына дейінгі баланы оқыту, дамыту, тәрбиелеу, ынталандыруға негізделген.


Если родители сталкиваются с проблемами у детей, мимо которых нельзя пройти:

  • снижение слуха, зрения,
  • нарушение функций опорно-двигательного аппарата,
  • позднее появление и плохое качество речи,
  • трудности в усвоении любых знаний, в обучении, трудности общения, проблемы в поведении,

то психолого-медико-педагогическая консультация (ПМПК) является именно той организацией, где родители могут получить консультирование по проблемам развития ребенка и рекомендации по необходимым видам специальной помощи специалистов разного профиля (логопед, психолог, дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог, социальный педагог) и подбор необходимой специальной организации обучения и воспитания. 

Что нужно сделать?

Обратиться в психолого-медико-педагогическую консультацию. В городе Алматы функционируют 5 ПМПК:

  • Психолого-медико-педагогическая консультация №1
     (ул.Торайгырова, д.1, уг.ул.Каблукова, в здании школы-интерната №1, тел.227-62-61). Обслуживает население  Ауэзовского и Бостандыкского районов.
  • Психолого-медико-педагогическая консультация №2
     (ул.Жангелдина, д.27, уг.ул.Ашимбаева, напротив роддома №2, тел.397-41-55). Обслуживает население Медеуского и Алмалинского районов.
  • Психолого-медико-педагогическая консультация №3
     (ул.Физули, д.71, тел.351-33-08) Обслуживает население Турксибского и Жетысуского районов.
  • Психолого-медико-педагогическая консультация №4
     (ул.Федченко, д.2 б, в здании Дома школьников №1, тел.384-69-50) Обслуживает население Ауэзовского и Алатауского районов.
  • Психолого-медико-педагогическая консультация №5
     (М-н Акжар, Абая, д.15, т.360-45-82) Обслуживает население Наурызбайского района.

Специалистами психолого-медико-педагогической консультации выдается заключение по состоянию ребенка, где указываются рекомендации по получению помощи специалистов в определенном образовательном учреждении и рекомендации по оказанию медицинских, образовательных и социальных услуг; направление детей с особыми образовательными потребностями в специальные организации и организации образования.

Одной из специальных организаций дошкольного образования нашего города является  Коммунальное Государственное Учреждение «Коррекционный ясли-сад № 13 для детей с нарушениями зрения» - специальная организация образования,    ориентированная на обеспечение условий коррекционной поддержки, социальной адаптации, воспитания и обучения с учетом особенностей психофизического развития детей.

Дошкольное учреждение находится по адресу г.Алматы, Алмалинский район, улица Н.Тлендиева. дом 2/1 (на пересечении улицы Тлендиева с  проспектом Райымбека).

Здание ясли-сада 1965 года постройки, двухэтажное; начал функционировать с 1965 года.    С 1983 года получил статус специализированного детского сада для детей с нарушением зрения. Детский сад с круглосуточным режимом пребывания детей, но в связи с карантином ночные группы закрыты.

Общая площадь составляет 1052,5 кв.м. Полезная площадь – 704,3 кв.м.


Учебная и игровая площади соответствуют санитарным нормам и правилам. 

Основным принципом работы педагогов является личностно-ориентированное взаимодействие взрослого с ребенком, базирующееся на выявлении возможностей и потребностей каждого дошкольника с нарушением зрения. С целью реализации индивидуального подхода к конкретному ребенку в зависимости от особенностей  его развития, состояния зрения и здоровья, способов ориентации в познании окружающего мира в ОУД предусматриваются: индивидуальное дозирование физической и непрерывной зрительной нагрузки; соблюдение офтальмогигиенических требований к учебно-наглядным пособиям, к организации зрительной работы; дифференцированное применение вертикальной и горизонтальной плоскостей рабочей поверхности; определение места ребенка на занятии с учетом клинической формы заболевания, степени выраженности зрительного дефекта, вида косоглазия и характера окклюзии; оценка достижений детей в соответствии с их возможностями. 

Расписание занятий составляется с учетом возрастных особенностей детей и в соответствии с Госстандартом и СанПиН. Соблюдается максимальный допустимый объем недельной учебной нагрузки воспитанников и продолжительности организованной учебной деятельности с целью защиты интересов здоровья и психики ребенка. Сетка занятий обеспечивает смену характера деятельности в соответствии  с СанПиН.

В связи с решением специфических задач в типовой режим внесены соответствующие коррективы: предусмотрено время для лечебных процедур в плеопто-ортоптическом кабинете; коррекционно-развивающих занятий специалистов (тифлопедагога, психолога); проведения воспитателями коррекционно-педагогических упражнений и игр по развитию нарушенных зрительных функций.




































Предметно-пространственная среда в нашей саду направлена на коррекционную помощь и организацию условий, соответствующих задачам исправления, преодоления и сглаживания трудностей социализации детей с нарушением зрения, выполняет образовательную, развивающую, воспитывающую, стимулирующую, организованную, коммуникативную функции, с опорой на дифференцированный подход, исходя из своеобразия психофизического развития детей с амблиопией и косоглазием, слабовидящих и незрячих детей. Среда работает на развитие самостоятельности и самодеятельности ребенка, служит удовлетворению его потребностей и интересов.