Сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұргізілетін түзету жұмыстары » КГУ "Коррекционный ясли-сад №13 для детей с нарушениями зрения"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№13 арнайы бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон заведующего:
+7(727) 247-91-90
Телефон методиста:
+7(727) 247-96-36
Версия
для слабовидящих
» » Сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұргізілетін түзету жұмыстары
29
октябрь
2025

Сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұргізілетін түзету жұмыстары


Логопед - педагог фото
"№13 арнайы бөбекжай балабақшасы" КММ базасында ата-аналар/заңды өкілдер үшін консультациялық қабылдау ұйымдастырылып, дефектолог (арнайы педагог) тарапынан «Сөйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары» тақырыбында түсіндірме-кеңес беру жұмысы жүргізілді. Қабылдауға _ ата-ана (заңды өкіл) қатысты. Іс-шара барысында сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларда жиі байқалатын екіншілік қиындықтар (нұсқауды түсіну, зейін тұрақтылығы, есте сақтау, ойлау операциялары, ойын әрекеті, коммуникативтік мінез-құлық) қарастырылып, дефектологтың түзете-дамыту жұмысының негізгі бағыттары (танымдық процестерді дамыту, әрекетті ұйымдастыру, коммуникацияны педагогикалық қолдау, әлеуметтік-әрекеттік дағдылар, ұсақ моторика және оқу алғышарттары) жүйеленді. Сонымен қатар ата-аналарға үй жағдайында қолдануға арналған әдістемелік ұсынымдар беріліп, қатысушылардың жеке сұрақтарына кәсіби-этикалық талаптарды сақтай отырып жауап ұсынылды. Қорытынды бойынша, консультациялық қабылдау жоспарға сәйкес өткізілді, қатысушыларға қажетті әдістемелік бағыт-бағдар берілді, ұсыныстар мен сұрақтар жинақталып, әрі қарай жеке сүйемелдеу жұмысына енгізу үшін ескерілді.

Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен дер кезінде мамандар түзету жұмыстарын жүргізуі қажет.

Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз. Сондай-ақ қолдың жазуға икемділігін  арттырамыз. Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті-психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет.

Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әртүрлі массаж қолданады. Оның негізгісі сылау, сипау, қысу, сілкілеу, қозғалту, дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары. Сондай-ақ биологиялық активті нүктелерге әртүрлі вибро-массажер, зонд, дөңгелек, массаж доптар, спанжер және өз-өзіне массаж түрлері жасалады. Біз өз тәжірибемізде алақанға Су-Джок массажері мен саусақ буындарына сақиналары пайдаланамыз.